Аналар кеңесінің отырысы
Көкшетау қаласының қалалық Аналар кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Онда берік отбасын, дені сау баланы тәрбиелеуде ананың рөлін одан әрі арттыру мәселесі талқыланды. Кеңес Төрағасы Н.И. Сейдалина және оның мүшелері Н.В.Замолоцких пен Е. Тарасова отбасын нығайтуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобаны талқылады. Бірінші кезеңде Кеңес мүшелерінің өздері жас отбасылармен әңгімелеседі, екінші кезеңде қажеттілігі қат мамандар – дәрігерлер, психологтар, заңгерлер, сондай-ақ әкелер кеңесінің мүшелері әңгімеге қосылады.
Диалог алаңында отбасының әлеуметтену институты ретіндегі рөлін арттыру және үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру бойынша жалпы ұсынымдар әзірленетін болады.