Аналар кеңесінің отырысы

“Қоғамдық келісім” КММ-де Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің отырысы өтті. Кеңес қалалық Аналар кеңесінің төрағасы Н. И. Сейдалинаны сайлады. Найля Ибрагимқызы Көкшетау қаласында жастар арасында шығармашылық конкурстардың, оның ішінде қыздар арасында “Көкшетау аруы” сұлулық конкурстарының ұйымдастырушысы ретінде танымал.