Ақсақалдардың алқалы отырысы
14 маусым күні Достық үйінде Ақмола облысы аудандарының ақсақалдар кеңесінің төрағаларының қатысуымен бірінші мәрте алқалы жиын өтті.
Жиынды Ақмола облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұлұлы жүргізіп отырды.
Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында көтерілген мәселелер және ақсақалдар кеңесінің ағымдағы жылдың ІІ жартыжылдығына жұмыс жоспары талқыланды.
«Қоғамдық келісім» КММ-і басшысы Е.Нұғыманов қатысушыларға Ақмола облысы ҚХА, «Қоғамдық келісім» мекемесінің атқарып жатқан іс-шараларымен таныстырып, Ақсақалдар кеңесі жұмысының негізгі бағыттарын түсіндіріп, ауылдық әкімдіктер деңгейінде ақсақалдар кеңесін құрудың орындылығы туралы айтты.
Аталған жиында сөз алғандар ақсақалдар кеңесінің жергілікті жердегі статусын көтеру, атқарушы органдарымен, коғамдық ұйымдармен қатынасын орнатып, одан әрі нығайту туралы мәселелерді ортаға салып , ойларымен бөлісті.
Отырыс қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі кеңесті азаматтардың қоғамдық маңызы бар және жеке мәселелерін шешуде пәрменді тетік ету. бойынша тиісті шешімдер мақұлданды.