Журналистер клубының отырысы
Ағымдағы жылдың 10 желтоқсанында «Қоғамдық келісім» мекемесінде журналистер клубының отырысы өтті. Отырыста клубтың 2021 жылғы қызметінің қорытындылары шығарылып, келесі жылға арналған міндеттер айқындалды. Отырыста сөз сөйлеген мекеме басшысы Е.Б.Нұғманов журналистерге облыстық ассамблеяның, оның қоғамдық құрылымдарының қызметін баспа және электрондық БАҚ-та ақпараттық жария еткені үшін алғыс айтты.
Есепті кезеңде ҚХАА қызметі туралы газеттерде 262 мақала жарияланды, ондағы 160 материалды журналистер клубының мүшелері дайындап, Ақмола ассамблеясы қызметінің түрлі бағыттары бойынша мерзімді түрде тақырыптық жолақтар әзірлеп, жариялады.
Жыл басынан клуб 3 отырыс өткізіп, онда облыстық, қалалық және аудандық газеттер беттерінде этносаясат мәселелерін жариялауға журналистердің қатысуы, ҚХАА қызметін ақпараттық сүйемелдеу бойынша облыстық жұмыс-жоспарын іске асыру, этносаралық шиеленісті тудыруға қабілетті баспа басылымдарында, әлеуметтік желілерде жағымсыз материалдар мен жарияланымдарға қарсы іс-қимыл секілді тақырыптар талқыланды. Жыл бойы клуб мүшелері өшпенділік тілін оқшаулау бойынша мақсатты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізді және этносаралық қатынастар тақырыбын баспа және электрондық БАҚ-та әрдайым жариялап отырды.
Журналистер арасында ұйымдастырылған «Шаңырақ» облыстық байқауының қорытындысы бойынша клубтың сегіз мүшесі «Қоғамдық келісім» мекемесінің дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Сол күні клуб мүшелерінің қатысуымен журналистика ардагерлерімен кездесу өтті. Достық үйінің директоры Е.Б.Нұғыманов барлық журналистерді ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, өздерінің шығармашылық қызметімен өңірдің және Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының тірі шежіресіне жаңа беттер жазғанын, егемен мемлекеттің қалыптасуы мен дамуына лайықты үлес қосқанын атап өтті.