Балалар лагеріндегі кездесу

А. ж. 9 маусымында балаларға жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім құндылықтарын, «Түрлі көзқарас, бірақ біртұтас ұлт» және «Бірлігіміз әралуандықта» қағидаттарын іске асыру шеңберінде үйлесімді этносаралық қатынастарды жеткізу мақсатында Зеренді ауданынындағы «Сұңқар» балалар сауықтыру лагеріне Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы және «Аманат» партиясының өкілдерінен құралған ақпараттық-түсіндіру тобы барды.

Облыстық Ассамблеяның атынан Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Айнагүл Жахина, «Чинсон» корей этномәдени орталығының төрағасы Ольга Лян және «Қоғамдық келісім» КММ-нің маманы Саяра Хасенова қатысты.

Кездесуде балаларға облыстық ассамблеяның, этномәдени бірлестіктердің, этносаралық келісім мен бірлікті сақтау, ана тілін, этностар мәдениетін дамыту, отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды насихаттау жөніндегі, Аналар кеңесінің қызметі туралы ақпарат берілді.

Ассамблея мүшелері айтылған әнгімеге көз жеткізу үшін балаларды облыстық Достық үйіне шақырды, онда олар өңірде тұратын этностардың жұмысымен, тұрмысымен және дәстүрлерімен таныса алады. Балалардың қызығушылығын туғызған кездесу мазмұнды өтті.