Мектептегі медиация
А. ж. 8 қазанында Степногорск қаласында Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы медиация Кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор Ф.Б. Есжанова «Қазақстан Республикасында мектеп медиациясын дамыту перспективалары туралы» тақырыбында дәріс оқыды.
Тыңдаушылар қатарында жалпы білім беретін мектеп директорлары, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басшылары, қалалық білім бөлімінің әдіскерлері мен мамандары болды.
Фарида Боташқызы білім беру саласындағы дауларды шешуде медиацияны қолдану тәжірибесі және даулы және жанжалды жағдайларды шешудің балама тәсілі ретінде медиация институтына халықтың сенімін арттыру жолдары туралы айтты.