Медиация-дауларды шешу әдісі

 

Ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде «Қоғамдық келісім» КММ-де «Медиация этносаралық дауларды шешудің тиімді әдісі ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 

Дөңгелек үстелге қатысушылар-судьялар, кәсіби медиаторлар, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, сарапшылар медиацияны этносаралық қақтығыстарды шешуде тиімді құрал ретінде қолдану туралы айтты. Ақмола облыстық сотының судьясы     Р.М. Ертаева, кәсіби медиатор А.К. Баимбетова медиация саласындағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Роза Мырзақұлқызы өзінің сот тәжірибесінен некені бұзу, мүлікті бөлу, жер дауы кезінде медиацияны қандай жағдайларда тиімді қолдануға болатынын айтып берді. Айман Қайыржанқызы түрлі этностар кәсіпкерлері арасындағы дау этносаралық қақтығысқа ұласуға мүмкін болған жағдай туралы мысал келтірді, алайда кәсіби медиатордың күш-жігерінің арқасында тараптар татуласты. «Қоғамдық келісім» КММ  бас сарапшысы Сванкулова А.Б. этносаралық қақтығыстардың себептерін белгілеп, оларды қалай болдырмау керектігін айтты.

Дөңгелек үстелді Достық үйінің талдау және мониторинг бөлімінің басшысы А.К. Раев қорытындылады, ол медиацияны әлеуметтік, этносаралық даулар мен жанжалдарды шешуде татуластыру рәсімдерінің бір түрі ретінде кеңінен пайдалану қажеттігін атап өтті.