Қуыршақ әзірлеу бойынша шеберлік сағаты өтті

12 наурыз күні Достық үйінде Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы жанындағы қолданбалы-өнер шеберлері Одағының мүшесі Людмила Ивановна Батракованың жетекшілік етуімен түрлі-түсті маталардан «Веснянка» қуыршағын әзірлеу бойынша шеберлік сағаты өтті.
Көктемгі қуыршақты әзірлеу – балалардың ұсақ моторикасын дамыту үшін өте пайдалы болса, ересектердің шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, адамдар өз қолымен жұмыс жасау арқылы жүйкесін тыныштандыруға ықпалы зор.