15 наурыз қайырылымдылық күні

Наурызнаманың онкүндігін мерекелеу аясында 15 наурыз қайырылымдылық күні болып белгіленді. Бұл күні «Жүрек жылы» қайырымдылық акциясы өткізілді, оның барысында ҚХАА кәсіпкерлер қауымдастығы төрағасының орынбасары Г.В. Осиненко және «Қоғамдық келісім» КММ талдау және мониторинг бөлімінің басшысы А. К. Раев Көкшетау қаласының 2 көпбалалы отбасымен кездесті.
Кездесулер жылы атмосферада өтті, отбасыларға сыйлықтар табысталды.