«Мәдениет пен әдебиеттегі қазақ отбасының бейнесі» дөңгелек үстелі
«Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасын жүзеге асыру аясында 2019 жылғы 12 сәуірде Ш. Уәлиханов атындағы КМУ-де «Мәдениет пен әдебиеттегі қазақ отбасының бейнесі» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты-Қазақстан әдебиетіндегі отбасының тарихи-мәдени маңызын қарастыру.
Дөңгелек үстелді Ақмола ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық топ мүшелері, отандық тарих және «Рухани Жаңғыру» кафедрасының оқытушылары ұйымдастырды. Іс-шараға М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық ғылыми кітапханасының өкілдері, көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Б. Ерманова, сондай-ақ «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының бірінші курс студенттері қатысты.
Ш. Уәлиханов атындағы КМУ-нің Отандық тарих және «Рухани Жаңғыру» кафедрасының оқытушысы А. Шаріпов құттықтау сөз сөйледі. Ол Қазақстанда қазақстандық жазушылардың шығармашылығына, олардың елдің әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесіне үлкен көңіл бөлінетінін атап өтті. Студенттер А. Серікбай мен Д. Купреев дөңгелек үстелге қатысушыларға қазақстандық авторлардың Б. Момышұлының «Ұшқан ұя», С. Мұқановтың «Өмір мектебі» шығармалары туралы айтып берді.
М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық ғылыми кітапханасының өкілі Б. Ерманова шақырғаны үшін алғысын білдіріп, студенттердің қазақстандық жазушылардың шығармашылығына деген жоғары ғылыми қызығушылығын атап өтті. Ол тыңдаушылардың назарын қазіргі қазақ әдебиетіндегі отбасылық-тұрмыстық қатынастар призмасы арқылы қоғамдық мәселелерді көркем тұрғыдан ұғынуға аударды. Дөңгелек үстел барысында конструктивті диалог орын алып, іс-шараға қатысушылардың пікір алмасуы өтті.