Көкшетау қаласының Достық үйінде «Ленинград блокадасының бұзылуына 75 жыл – Қазақстан тарихындағы ерекше күн» атты тақырыпта халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырылды
Көкшетау қаласының Достық үйінде өткен дүйсенбі орын алған дөңгелек үстелге жастар қауымы, ауған соғысының ардагерлері, облыстық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Ресей, СҚО келген қонақтар, ақмола өңірінің тұрғындары, БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шараны Максим Крамаренко төрағалық ететін «Лад» республикалық славян қозғалысы» ҚБ ұйымдастырды.
Сонымен қатар дөңгелек үстел жұмысына Астана қаласындағы ресейлік ғылым және мәдениет орталығының директоры Константин Воробьев, Қазақстандағы Ресей Елшілігінің кеңесшісі Алексей Коропченко қатысты.
«900 күн бойы жаудың қоршауында болу – бұл Ұлы Отан соғысы тарихының ең ауыр солай бола тұра ең қаһармандық парақтарының бірі. Қоршауда қалған қала тұрғындары мен оны қорғаушылардың еншісіне өте ауыр сын берілді. Ленинградтықтардың берік рухының арқасында Нева бойындағы қала тұрғындары сынға төтеп беріп, аман қалды. Олардың сөзсіз ерліктері – шыдамдылықтың, жанқиярлықтың, Отанға деген махаббаттың нағыз символы. 27 қаңтар – бұл біздің қаламыз үшін мыңдаған жанның өмірімен өтелген Ленинградтық Жеңіс Күні деуге боларлық қасиетті күн болып саналады» – деген Санкт-Петербург губернаторының ҰОС ардагерлері – жау қоршауында қалған Ленинград қаласының тұрғындары мен оны қорғауға қатысқан, шетелде тұратын жандарға айтқан сөздерінен көп дүниені байқауға болады.
Іс-шара қатысушылары бұл күні, Ленинград қорғанысы туралы, ол қаланың азат етілуі Ұлы Отан соғысының тағдырын шешкен стратегиялық маңызды құбылыс екендігі жайлы, жастарға осы тарихи естелікті жеткізу, сол арқылы олардың бойында қазақстандық патриотизм, тарихи сана, азаматтық және әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру туралы сөз қозғады.
Жиын барысында кезекпенен сөз алған ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкееваның, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұлдың, Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері одағының төрағасы Дуанбай Ыбрайдың, Қазақстанның халықтық коммунисттік партиясы Ақмола облысы бөлімінің бірінші хатышысы Бейсенбай Мажитовтың сөздері де өте әсерлі болды.
«Біздің аталарымыз әлемді фашизмнен қорғаса, – біздің мендетіміз олар туралы естелікті қорғау» – деген «Урал – Евразия» сараптама клубының мүшесі Вадим Рудаковтың сөздері іс-шараның өзіндік ұранына айналды.
Іс-шараға жиналғандарға үлкен әсерді «Өткел» атты тақырыптағы ленинградтық іздеу тобы мүшелерінің өз қаражаттарына түсірілген деректі фильмі сыйлады. Еске бірден, аталмыш фильм барысында іздеушілірдің бірі «Мұса Айтбаев» атты есім жазылған қайтыс болған сарбаздың қасығын көрсетіп жатып: «Бұл қасық 75 жыл бойы сарбаздың аяқ киімінде жатты. Бәлкім, біздер сарбаздың ұрпақтарына беріп жіберген қасықпен қоса, оның рухы да отанына оралар» деген сөздерді айтады. Шынымен де, 1941 жылы Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында құрылған 310 және 314 атқыштар дивизиясының жауынгерлеріне арналған фильм – бұл өз өмірлерін қиған жауынгерлерге арналған ұлы естеліктің бір көрінісі.
Іс-шараның соңында қатысушылар: «Нацизм сынды үлкен қатерді жеңудің келе жатқан 75 жылдығына орай, келесі жылы атап өту барысында, барлық саяси партияларды, Қазақстанның қоғамдық бірлестіктерін және үкіметтік емес ұйымдарды Ұлы Отан соғысы жылдары қазақстандықтардың жауынгерлік және еңбек ерліктерін сақтауға бағытталған кешенді іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуге қатысуға шақырамыз» – деген сөздерін келтірді.