«Тіл-ұлттың жаны»

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ Бурабай ауданындағы «Балдаурен» лагерінде қазақ тілін насихаттау және дамыту мақсатында, Абай күніне орай «Тіл-ұлттың жаны» атты іс-шара ұйымдастырды. Бұл шараның басты мақсаты – балалар арасында қазақ тіліне деген қызығушылықты арттыру, тілдің маңыздылығын түсіндіру және оны қолдану мәдениетін қалыптастыру.
Іс-шара барысында қатысушыларға қазақ тілін үйренуге арналған түрлі ойындар, викториналар және шығармашылық тапсырмалар ұсынылды. Абай Құнанбайұлының өмірбаяны мен шығармашылығына шолу жасалды.
Мұндай шаралар қазақ тілінің болашағын қамтамасыз етіп, өскелең ұрпақ арасында оны кеңінен таратуға септігін тигізетіні сөзсіз.