ҚР Парламенті депутатының сапары
12 мамырда Сандыктау ауданына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дементьева Наталья Григорьевна келді.
Сапар мақсаты: Мемлекет басшысының 2022 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында айтылған ҚР Конституциясына түзетулер енгізу бойынша референдум өткізу жөніндегі бастамасын түсіндіру.
Депутат аудан активімен, орталық аурухана ұжымымен кездесті.
Мәжілісмен өз сөзінде «5 маусымда референдумда қазақстандықтар Негізгі Заңның 33-бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген конституциялық түзетулерге дауыс берулері тиіс екенін атап өтті. Бұл ел үшін маңызды болып табылатын ауқымды түзетулер» деп айтты.
ҚР Парламентінің депутатынан бөлек кездесуде аудан әкімі Ерол Жүсіпбеков пен «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ермек Нұғыманов болды.