Ардагерлерді құттықтады
Дәстүр бойынша Жеңіс күні қарсаңында Көкшетау қаласында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету іс-шаралары өткізіледі.
Ардагерлерді құттықтауға Ақмола облысының этномәдени бірлестіктері де қатысты.
6 мамырда “Бари” армян мәдени орталығының төрағасы Норик Магламян тыл еңбеккерлерін “Ани” мейрамханасына мерекелік түскі асқа шақырып, оларды Жеңіс күнімен құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті.
Ал чуваш және өзбек этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері Елена Мащинская мен Тәжубуви Медетова соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің үйлеріне барып, оларға гүл мен азық-түлік пакеттерін табыс етті.