Үздіктердің үздігі
«Татар қызы 2019» сұлулық байқауын Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен Ақмола облысының татарлары мен башқұрттары қоғамдық бірлестігі жастар қанатының белсенділері ұйымдастырды.
Қызықты шоу көптеген қатысушылар мен қонақтардың басын біріктірді. Ал ең сұлу, өнерлі, шығармашыл татар қызының атына үміткер қыздардың саны бесеу болды. Байқау қатысушылары шеберлік, аспаздық, сонымен қоса көздің жауын алатын кешкі көйлектермен шығумен аяқталған таланттар сайыстарында өз бақтарын сынады. Барлық қатысушыларға іс-шара барысында өздерінің музыкалық нөмірлерімен этнобірлестіктердің ұжымдары, «Ғалиябану» ансамблінің өкілдері мен көпшіліктік көңілінен шығып үлгерген Ақан сері атындағы Жоғары мәдениет колледжі және Біржан сал атындағы музыкалық колледждің дарынды студенттері қолдау көрсетті.
Аз уақыт ақылдасқан соң, қазылар алқасы бірауызды шешімге келіп жеңімпаздарды анықтады. Татар-аруы атағына екі қыз ие болды. «Грация Аруы» номинациясын иеленген Альфия Самигулина байқаудың Гран-при жүлдесін алса, Диляра Таминдарова «Көрермендер көзайымы» номинациясыналып, 1-орынға тұрақтады.
Екі қыз да этнобірлестіктің жастар қанатының белсенді қатысушылары болып табылады, өз ана тілдерін үйренуде, «Яшьлек» татар ансамблінде би билейді және жақында елордада өтетін республикалық сұлулық байқауында Ақмола облысын таныстыруға лайықты. Осындай іс-шараларға қатысу тәжірибесін алған басқа қыздар вице-ару болды және көрермендердің ыстық ықыластарын ғана емес, зергерлік бұйымдарды сатып алуға мүмкіндік беретін сертификаттар да иеленді. Көңілді Азиза Насырова – «Күлімсіреу аруы», шығармашыл Нака Курамшина – «Шебер қолды ару», зияткер және «Яшълек» ансамблінің қатысушысы Нелли Бутченко «Көркемсөз аруы» атақтарын иеленіп, өздерінің өнерлері мен сыйлықтарына риза болды, олар байқау жеңімпаздарына республикалық фестивалде жеңіске жетуді тіледі.
Вероника Бурда