Достық үйіне саяхат
Ағымдағы жылдың 4 мамырында «Қоғамдық келісім» КММ Көкшетау қаласының №17 ОМ оқушыларымен «Бірлік әралуандылықта» тақырыбында экскурсия өтті. Экскурсия балаларды облыста тұратын түрлі этностардың салт-дәстүрлерімен таныстыру үшін өткізілді.
Этномәдени бірлестіктердің кабинеттерінде балалар ұлттық киім, дәстүрлі ыдыс-аяқ, белгілі бір ұлтқа тән әшекейлермен танысты.
Тыңдаушылар алдында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы сәндік-қолданбалы өнер одағының төрайымы Нұрқанова Гүлбара сөз сөйледі. Ол өз сөзінде Достық үйінде түрлі этностардың өкілдерін қазақ қолөнеріне және кәсіпшілігіне оқыту бойынша, олардың пайда болуы мен маңызын зерделей отырып, үнемі шеберлік сабақтары өткізіліп тұратынын атап өтті.
Экскурсия соңында оқушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі туралы бейнефильмді тамашалады.