Достық үйіне саяхат
А.ж. 6 сәуірінде «Бірлік әралуандылықта» атты шолу экскурсиясымен облыстық Достық үйіне азаматтық қорғау жоғары көпсалалы колледжінің студенттері келді.
Балалар этномәдени бірлестіктердің кабинеттеріне барып, Ақмола облысында тұратын түрлі этностардың тұрмысымен, мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен танысты. Мұнда оларға этномәдени бірлестіктердің ана тілін сақтау және дамыту бойынша қандай жұмыстар атқаратыны, Достық үйінің қабырғасында өздерінің ұлттық мерекелері мен фестивальдерін қалай ұйымдастыратыны туралы айтылды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы экскурсия және бейнефильм көру жас тыңдаушылардың өңірдегі достық пен этносаралық келісімді нығайту бойынша «Қоғамдық келісім» КММ өткізетін жұмысы туралы ой-өрісін және білімін кеңейтті.