Шеберлік сабақтарын өткізеді

     “Мұрагерлер – сақтаушылар – жасаушылар” жобасы аясында “Қоғамдық келісім” КММ-де әр түрлі этнос өкілдерін қазақ қолөнері мен кәсіпшілігіне оқыту бойынша олардың пайда болуы мен маңызын зерделей отырып, үнемі мастер-класстар өткізіліп тұрады. Оларды ұйымдастыруға Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлері одағының мүшелері қатысады.

      Жақында Ақмола облысындағы поляктар қауымдастығының мүшесі Виктория Лебедевичтің ұлттық қуыршақты дайындау бойынша мастер-классы өтті. Оның басшылығымен әйелдер қолданыстағы материалдардан – синтепоннан, матадан, бояулардан қуыршақты қайта жасап, ұлттық киімде ұсынды.

       Шеберлер өздерінің дайын өнімдерін шығармашылық жұмыстар көрмесіне, сондай-ақ сатуға қояды. Соңғы жылдары шеберлер одағы жаңа мүшелермен – белсенді жас қолөнершілермен толықтырылды.