Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасып жатыр
Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасып жатыр.
Акцияның мақсаты – көшелерді тазалау, елді мекендердің аумақтарын көгалдандыру және көркейту, халықтың назарын табиғаттың ластану проблемасына аудару, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде ҚХАА этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының мүшелері және «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері осы акцияға қосылып, Достық үйінің аумағын көгалдандыру мақсатында көшет отырғызу жұмыстарын жүргізді. Жалпы алғанда 50 шие және мамыргүл ағаштарының көшеттері отырғызылды.