Аналар кеңесінің облыстық форумы өтті
А.ж. 9 қыркүйекте Ақмола облысы «Қоғамдық келісім» КММ-де Қазақстанның Отбасы күніне орай және З.Е. Қиықованы еске алу күніне арналған «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» атты облыстық Аналар кеңесінің форумы өтті. Оған аудандық, қалалық Аналар кеңестерінің басшылары, білім басқармасының, аудандық ішкі саясат бөлімдерінің, қоғамдық бірлестіктер мен қорлардың өкілдері қатысты.
Қонақтар мен шақырылғандар аудандардағы қолөнер шеберлері ұсынған сәндік-қолданбалы өнер көрмесімен, ҚХАА жанындағы ППИ шеберлер одағымен, көп балалы аналардың «Асыл аналар» қоғамдық бірлестігімен танысты.
Форумға қатысушыларды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Айдын Раисов құттықтады.
Облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Айнагүл Жазиева өз баяндамасында қоғамдық ұйымның есепті кезеңдегі жұмысына талдау жасады. Кеңес жалпы саны 700-ден астам адамды қамтитын 20 түрлі форматтағы іс-шара өткізді. Оның қызметінің басым бағыты жас ұрпақты, болашақ аналарды қазақ дәстүрлері рухында патриоттық тәрбиелеу болып табылады. Облыста 15 қыздар клубы құрылды, оларды тәжірибелі педагогтар, психологтар және көп балалы аналар басқарады.
Қонақтарға облыстық Аналар кеңесінің бірінші төрағасы Киікова Зере Еспайқызы және Кеңестің ағымдағы жылғы қызметі туралы бейнефильмдер көрсетілді.
Форумда отбасы институтын нығайтудағы аналар кеңесінің рөлін арттыру, отбасылық құндылықтарды насихаттау, балалардың рухани-адамгершілік, дене тәрбиесіндегі, туралы қызықты әңгіме болды.
Сөз сөйлеген спикерлер, облыстық және қалалық Аналар кеңесінің мүшелері Зәуре Кәкабаева, Найля Сейдалина, Гүлнар Ибраева, Құралай Жұмабекова, Махаббат Қасымова, Гүлнар Оразбаева, Анар Батыралиева және т.б. аналар кеңесі айналысуы тиіс бірқатар қоғамдық мәселелерді көтерді. Бұл жеке тұлғаны әлеуметтендіру, жетімдікті жою, балаларды асырап алу, патронаттық отбасыларды, қиын өмірлік жағдайдағы әйелдерді, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналарды, балалар нашақорлығын қолдау мәселелері. Сөз сөйлегендердің арасында көп балалы аналар да болды, олар осы қиындықтарды өздері жеңіп, проблемалы отбасыларға көмектесу үшін қоғамдық қорлар құрды.
Форум жұмысына облыс әкімінің орынбасары Елдос Рамазанов, Ақмола облысындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Әсем Асаинова қатысып, Аналар кеңесі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Іс-шара соңында Кеңестің белсенді мүшелері Ақмола облысы әкімінің орынбасары және «Қоғамдық келісім» КММ басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.