«Үйде сөйле» жобасы Сүлейменов көшесі 22 тұрғын үй кешені ауласында өтті
Ақмола облысы ішкі саясат жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ Көкшетау қаласы тұрғындары арасында мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында 9 шілде күні Сүлейменов көшесі 22 тұрғын үй кешені ауласында «Үйде сөйле» жоба аясында викторина ұйымдастырды.
Жоба аясында тұрғындар және балалар арасында қазақ ұлтық музыкалық аспаптар, киіз үйдың жабдықтары, қазақша сұрақ- жауап викторинасы ұйымдастырылды. Қатысушылар мен жеңімпаздарға сыйлықтар тапсырылды. Әнші-бишілер өнерлерін ортаға салып, танымды іс-шараның қызықты өтуіне өз үлестерін қосты.