Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат!

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс Күні қарсаңында Қазақстан этностарының өкілдері арасында «ТҰЛҒАТАНУ» жобасы аясында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат!» шарасы өтті. «ТҰЛҒАТАНУ» жобасының мақсаты – Қазақстан этностарын жақындастыру және қазақ халқының мәдени мұрасын насихаттау болып табылады.
Аталған іс-шараны «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» ҚБ, «Қоғамдық келісім» КММ-і және тарихи-өлкетану мұражайы ұйымдастырды.
Кездесудің «Жеңіс лентасы» патриоттық акциясын өткізуден басталды.
Кездесуге қатысушылар үшін «Русская песня» халық ансамблінің орындауындағы соғыс жылдарындағы әндер шырқалды, сондай-ақ экспонаттар мен әскери кезеңнің фотосуреттері бар тақырыптық көрме ұсынылды.
«Ақмола облысының орыс қауымдастығы» ҚБ мүшелері Кеңес Одағының Батырлары Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдулин және Бауыржан Момышұлы туралы әңгімеледі.
Алдағы мерекелермен құттықтай отырып, Ақмола ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Өзбек ұлттық мәдени орталығы» бірлестігінің төрайымы Тәжбуви Медетова біздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығы және жеңімпаздарды өнегесін жалғастыру туралы айтты.