“Қайын ененің топырағынан” байқауы өтті

Отбасы құндылығы – баға жетпес асыл қасиеттің бірі. Елдің ұйытқысы — ене мен келін деп бекер айтылмаған.  Өйткені тәрбиенің бас­тауы ең әуелі ене мен келіннен бастау алады.

Целиноград ауданы Қызылсуат ауылдық округінде Целиноград ауданы Ішкі саясат бөлімі және Целиноград ауданының Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен “Қайын ененің топырағынан” байқауы өтті.

Байқауға Целиноград ауданының ауылдық округтарының енелері мен келіндері қатысты. Байқау барысында енесімен келіні бірге жасаған отбасының сүйікті тағамын ұсынып, отбасылық құндылықтарды айқындайтын салт-дәстүрлерді көрсетті.

Барлық қатысушыларға  дипломдар мен естелік сыйлықтар тарту етілді.