Терендез! Сіздің үйіңіздегі береке!
13 ақпан күні Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы «Бари» армян мәдени орталығы» ҚБ «Терендез» мерекесін атап өтті.
Бұл Астхик әйел құдайының құрметіне аталып өтетін мейрам, оның басты кейіпкерлері – жас жұбайлар мен ғашық жұптар. Табиғат енді оянып, көктем келердің алдында махаббаттары жаңа өмірдің бастамасы мен жалғасын білдіретін, жаңа жұптар құрылады.
Іс-шара қонақжай «Ани» мейрамханасында өтті, бұл жерге армян ұлтының өкілдері жиналды, бір айта кетерлігі олар тек Көкшетау қаласынан ғана емес өзге өңірлерден де келді. Көшеде мерекенің басты ерекше белгісі – алау жағылды. Жиналған жұртшылық түрлі тәттілер, бидай және тары дәндерінен дәм татып, халық әуенінің ырғағына мереке дәстүрі бойынша алауды жеті рет айналды. «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебіндегі армян тілінің оқытушысы, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Рузанна Дегоян «Терендез» мейрамының пайда болуы мен оны тойлау дәстүрлері туралы айтып берді.
Кейін мерекенің ең басты шарасы орын алды. Жас жұбайлар, қол ұстасып алау үстінен секірді. Ежелгі сенім бойынша: егер секіру кезінде олардың қолдары ажырамаса, олардың махаббаттары баянды, ал отбасылары – берік болады. Бұл күні адам бойына ерекше жаңару мен өміріне береке әкелу күшіне ие алау үстінен жасы үлкен жандар да секірді.
Одан соң армян халқының тағы бір дәстүрі орын алды. Әрбір қалаған адам өз ішінен тілек айтып бұтаққа қызыл лента байлады. Барлық тілектер айтылғаннан кейін бұтақ мерекелік алауға тасталды, оның киелі оты күллі тілеулерді орындауы қажет.
Мерекелік іс-шара дастархан басында жалғасын тапты. Залда музыка ойнап, жас әртістер армян халқының ұлттық әндері мен билерін орындап, көрермендерді қуантты. Жалпы алғанда мереке өте жақсы өтті!
Айта кетерлігі, бұл күн Қазақстан халқының көптеген мерекелерінің бірі, оны тек армян ұлтының өкілдері ғана емес, барлық халық атап өтеді. Терендез! Сіздің үйіңіздегі береке!