Жас аналарға қолөнерді үйрету

Құралай Жұмабекова бастаған Аналар үйінде жақын арада ана атанатын алты жас қыз тұрады. Болашақ аналарға үй қолөнерін үйрету мақсатында, ол қалалық Аналар кеңесінен көмек сұрады.

  

Жақында Аналар үйіне Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Шеберлер одағының төрайымы Г.Н. Нұрқанова және қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Н.И. Сейдалина келді. Олар жас аналарға салпыншағы бар кесте инесімен тоқудан шеберлік сабағын өткізді.

Болашақ аналар қолөнерге үлкен қызығушылықпен қатысып, тәлімгерлерден ас дайындау, тігу, балаларды дұрыс тәрбиелеу қабілетін одан әрі үйренуге ниет білдірді.