Татарстан делегациясы Достық үйінде болды

25 тамызда Көкшетау қаласына Татарстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары В.Г. Шайхразиев келді, бұл күні ол “Қоғамдық келісім” КММ-де болып, облыста тұратын этностардың мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен танысты.

Достық үйіне экскурсия барысында мәртебелі мейманды облыстық Достық үйінің басшысы Е.Б. Нұғманов және этномәдени бірлестіктердің төрағалары қарсы алды.

Ақмола облысының татарлар мен башқұрттар қоғамдық бірлестігінің кабинетінде қонақ татар диаспорасының өкілдерімен кездесіп, журналистика ардагері Л.Х. Аятоваға мерейтойлық медальді табыс етті.

Екі ел арасындағы мәдени байланыстарды дамыту, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы мен Татарстан халықтары Ассамблеясының өзара іс-қимылы туралы еркін әңгіме қозғалды.

Татарстан делегациясының басшысы облыстық Ассамблеяның, “Қоғамдық келісім” КММ-нің этностардың тілін, мәдениеті мен дәстүрлерін сақтау, олардың арасындағы оң өзара іс-қимылды жолға қою, этностар өкілдерінің бірыңғай қоғамға кірігуі жөніндегі қызметіне жоғары баға берді.

Кездесу барысында тараптар естелік сыйлықтармен алмасып, одан кейін Татарстан делегациясы облыс орталығында Кеңес Одағының батыры, татар ақыны Мұса Жәлел бюстінің ашылуына қатысты.