SMM маманының біліктілігін зерттеді

2022 жылғы 3 желтоқсан күні Көшбасшылық мектебі Ақмола облысының Аналар кеңесімен бірлесіп, «Founderschool» жасөспірімдеріне SMM маманы Анар Қасымованың қатысуымен Instagram әлеуметтік желісіндегі ілгерілеу бойынша шеберлік сабағын өткізді.

 

Мақсаты: тұлғаның дамуы үшін әлеуметтік желілерде аккаунтты дұрыс ілгерлетуді үйрену, жұмыс барысында әртүрлі мессенджерлердің құралдарын қолдану және контенттің ілгерілеу стратегияларын өздігінен ойлап табу, қызықты кәсіпті қарапайым үйренуден бастап SMM-менеджері болу мүмкіндігін алу.

Шеберлік сабағы барысында Анар Оразалиқызы өз тәжірибесінен алынған лайфактармен бөлісті, брендтік әлеуметтік желілер үшін контент құрудың стратегияларын қалай шығару керектігін айтты, мінсіз пост форматтары мен жарнама арналарын көрсетті.