«Қоғамдық келісім» мамандары студенттерге дәрістер өткізді

Бүгін «Қоғамдық келісім» КММ талдау және мониторинг бөлімінің қызметкерлері, КХАА жанындағы медиация кеңесінің мүшелері, ғылыми-сараптамалық тобы және ҚХАА кафедрасымен бірлесіп, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау Университетінің және Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттеріне дәрістер өткізді.
Дәріс барысында тыңдаушыларға Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік ұлттық саясатты іске асырудағы рөлі және республикада қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 174 және 180 баптары бойынша жауапкершілік түсіндірілді. Кәсіби медиатор, «Халықаралық Медиация орталығы» РҚБ Ақмола өкілдігінің директоры, Ақмола ҚХА медиация кеңесінің мүшесі Т. Т. Бейсембаев студенттерге кеңестің мақсаты қоғамдық келісімді қамтамасыз ету бойынша ҚХА қызметі шеңберінде этномедиация институтын дамыту екенін түсіндірді.