«Соғыс оты шарпыған әндер»

Ағымдағы жылдың 5 мамырында «Қоғамдық келісім» КММ «Русская песня» халықтық ансамблі, «Көкшетау» Мәдениет Үйі ардагерлердің халықтық хоры және «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ  вокалдық студиясы қатысқан «Песни опаленные войной» мерекелік концерті өтті.

     Кеш қонақтарын «Орыс қауымы» ҚБ және «Қазақстанның Орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ Ақмола филиалының басшылары Александр Артеменко мен Геннадий Осиненко Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтады.

     Содан кейін кешті әртістер жалғастырды. Олардың орындауында соғыс жылдарындағы әндер шырқалды. Әртістердің әрбір өнер көрсетуін Достық үйіне келген көрермендер ду қол шапалақпен қарсы алды.

     Барлық қойылымдардың негізгі түпкі ойы әрқайсымызға Қазақстан жеріндегі бейбітшілікті сақтауға, ізгілік, келісім мен әділеттілік нұрына толы елдің болашағын бірге құруға шақыру болды.

         

     Концертке ересектер мен балалар, әскерден оралған сарбаздар қатысты.

     Қазақстан Қарулы күштерінің бұрынғы әскери қызметшісі Дмитрий Майер «Солдат анасы туралы баллада» әнін шырқады, ал ең жас әнші Рената Әубәкірованың орындауындағы «Солнечный круг» әні адами бақытқа арналған гимн ретінде шырқалды.

     Көркемөнерпаздар әртістерінің әр әні жағымды эмоциялар мен естеліктер тудырды, онда көрермендер барлық адамдарды біріктіретін әсерлі нәрсе тапты.

     Екі сағаттық концерт кеш қатысушыларының хормен орындауындағы «Жеңіс күні» әнімен аяқталды.