Шебер қолдар

Бүгін Салтанат сарайында ҚХАА жанындағы сәндік-қолданбалы өнер шеберлері одағының мүшесі Гүлнар Орынбаева киізден аяқ киім жасау бойынша шеберлік сабағын өткізді.

Қазақ әйелдерінің дәстүрлі қолөнерінде ең көп қолданылатын материалдың бірі – киіз. Қазіргі декор өнерінде киізден жасалған бұйымдар өзінің тартымдылығын жоғалтқан жоқ. Дәстүрлі киіз басу техникасын қолдана отырып, әртүрлі тұрмыстық заттарды жасауға болады.

Қолөнерші Гүлнар әріптестерімен өз тәжірибесімен бөлісті, шеберліктің қыр-сырын ашты.