Меморандумға қол қойылды
А.ж. 2 ақпанда Достық үйінде “Қоғамдық келісім” КММ мен Ақмола облысының оқу орындары – А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы және Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
Меморандумның басты мақсаты жастар қоғамдық бірлестіктерін, оның ішінде “Ассамблея жастары” жастар қозғалысын дамыту, азаматтық, қазақстандық бірегейлікті нығайтуға бағытталған Жастар бастамаларын қолдау, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке бірлесе тәрбиелеу болып табылады.
Меморандумға қол қоюға “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Е.Б. Нұғыманов, ҚР ТЖМ азаматтық қорғау академиясы бастығының орынбасары К. К. Карменов, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің проректоры Д. К. Абдулманова және Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің басшысы Ахат Нұртас Ахатұлы қатысты.
Тараптар оқушы жастармен жұмыс туралы ақпарат алмасып, облыстық Достық үйі мен оқу орындары арасындағы өзара ынтымақтастық жемісті, тиімді және жастар арасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік құндылықтарын ілгерілетуге бағытталатынына сенім білдірді.