Этнодемография және этноэкономика бойынша семинар-тренинг

Ағымдағы жылдың 23 қарашада ҚР АҚДМ Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты «Өңірдің стратегиялық дамуын бағалау барысында этнодемография және этноэкономика бойынша деректерді пайдалану» тақырыбында тренингін өткізді.

 

Семинар-тренингке этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға тартылған мамандар, этномәдени бірлестіктер, ҚХА қоғамдық құрылымдары өкілдері, журналистер, оның ішінде Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасының жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-нің  қызметкерлері – Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Айгерім Сартаева және Жобаларды жүзеге асыру және  ҚХАА құрылымдарымен жұмыс бөлімінің маманы Жұлдыз Шалабаева қатысты.

 

Қатысушылар Қазақстандағы этникалық экономиканың негізгі тенденциялары және оның перспективалары, Қазақстанның этнодемографиялық дамуы бағытындағы баяндамаларды тыңдап, өз пікірлерімен бөлісті.