Ғылыми-сараптамалық топ отырысы
А.ж. 5 ақпанында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың отырысы өтіп, онда оның 2021 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.
ҒСТ төрағасы Ардақ Қапышев өз сөзінде сарапшылар өздерінің ғылыми жұмысында «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі әзірлеген этносаралық қатынастар саласындағы төрт базалық жоба – жалпыазаматтық бірегейлікті қалыптастыру, қазақстандық этностардың алуан түрлілігін рухани-мәдени тұрғыдан танымал етуге, «Көпэтникалық Қазақстан: этномәдени генезис» және медиация институтын дамытуға назар аударуы тиіс екенін атап өтті. Бұдан әрі «Қоғамдық келісім» КММ осы жобаларды іске асыру бойынша барлық қажетті материалдарды ҒСТ мүшелеріне қосымша жолдайтынын айтты.
Жоспарды талқылау барысында отырысқа қатысушылар оған өздерінің ескертулері мен толықтыруларын енгізді. Жалпы, ZOOM платформасында консультативтік-аналитикалық органның қызметін жандандыру, этносаясаттың өзекті бағыттары бойынша облыстық ассамблея қызметін сараптамалық сүйемелдеудегі оның рөлін арттыруға ғалымдар қызығушылық танытқан келелі әңгіме орын алды. ҒСТ ротация жүргізіп, шығып қалған мүшелердің орнына жаңалары енгізілді.