Дөңгелек үстел отырысы
Ағымдағы жылдың 27 тамызында облыстық Достық Үйінде ҚР Конституциясы күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Оған мемлекеттік органдардың өкілдері, этномәдени бірлестіктердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Дөңгелек үстелдің модераторы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Е.Б. Нұғыманов Конституцияның қазақстандықтардың өміріндегі рөлін, оның ережелері мемлекеттің тәуелсіздігіне қол жеткізудің, азаматтық институттарды дамытудың, елдің әлемдік қоғамдастыққа танылуының іргетасына айналғанын атап өтті.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Н.Т. Әбдірахманов – Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, Е. Ш. Жандосов-облыстық прокуратура аппаратының басшысы, Б. Е. Ералин – облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, С. Ж. Ғабдуллин – облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы және басқалары Конституция мемлекеттің, оның органдарының, соттарының, прокуратура қызметінің негізгі қағидаттарын айқындағанын, экономикасы қарқынды дамып келе жатқан гүлденген қоғам мен демократиялық мемлекет құруға мүмкіндік бергенін, сондай-ақ, өз ұйымдарының жұмысындағы жетістіктері туралы айтып берді.
Сөз сөйлеген Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Ғ.Т. Төлеғұл мен У. Ф. Шоназаров Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің ҚР Конституциясын қабылдаудағы, елімізде бейбітшілік пен келісімді қолдаудың тиімді тетігіне айналған Ассамблеяны құрудағы рөлін атап өтті.
Іс-шараға қатысушылар Конституция елдің Негізгі заңы ретінде Қазақстан халқының еркін, оның елді демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыруға деген ұмтылысын көрсетеді, оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады деген пікірде болды.