Елбасының «Абай аманаты» атты мақаласы бойынша пікір
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абай аманаты» атты мақаласын оқығаннан кейін, Абай әлемінің ұлылығын және көп қырлы екенін тағы да түсінесің! Мақалада Елбасы елдің қалыптасу кезеңдері және биіктерге жетуін айқын сипаттай отырып ақын әлемін қазіргі заманмен байланыстыра қарайды.
Ұлы ақын әлемі ерте жастан бастап Елбасына жол көрсеткен және данагөйдің әрбір Сөзін жете түсінген жастарға үлкен үлгі бола білген.
Бетбұрысты сәттер тарихта да, әркімнің жеке өмірінде де болады, содан кейін әрқайсымыздың санамызда жауаптардан көрі, жауабы жоқ көп сұрақтар туындайды.
Ақын мұрасын тек оқу ғана емес, соған орай саналы іс-әрекет ету, Абайдың дана сөздерінің бағыты әрқайсымызды өз ниетін дұрыс бағытқа жұмсай алатын адам етеді.
Елбасы Абайды өзінің тәлімгері ретінде тани отырып, онымен өзара түсіністік пен ортақ ойға келудің күрделі процесі туралы айтады.
Бұл терең философиялық пайымдау және жалғыздық әлемінде өмір сүрген Абайдың ғана емес, сондай-ақ көптеген ата-бабаларының орындалмаған арман-тілектерінің бәрін іске асыру Тұңғыш Президент Н.Назарбаев пен оның командасына бұйырған еді.
Абайдың сөздерін мысалға ала отырып Елбасы өз бастамаларының әрекеттілігін растайды.
Жас елордамыз бүкіл әлемге танымал, Қазақстан – бүкіл әлемге танылған ядролық қарусыз мемлекет, халықтың бірлігі – бейбітшілік пен келісім беріктігі Қазақстан халқы Ассамблеясы сынды бірегей институттың басты басымдықтары. Президенттің «Болашақ» бағдарламасы жастарға әлемнің таңдаулы университеттерінде білім алуға мүмкіндік береді.
Тұңғыш Президенттің мақаласы Абай бүгінгі күннің өзінде қаншалықты өзекті екенін айқын көрсетеді және жасампаз істердің жүзеге асуына деген сенім бізді жаңа белестерді бағындыруға шабыттандыратындығын айтады.
Қақабаева Зәуре,
Ақмола облысы Целиноград ауданы
Аналар кеңесінің төрайымы