Тарихи әділеттілікті қалпына келтіру
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 24 қарашадағы №45 Жарлығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Комиссияның басты міндеті – кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргін құрбандарының барлық санаттарына қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіру. Халықаралық тәсілдер мен стандарттар негізінде материалдарға жан-жақты және кешенді зерделеу жүргізілгеннен кейін қуғын-сүргін құрбандарын толық заңдық, ал жекелеген санаттарға қатысты саяси ақтауды жүзеге асыру жоспарлануда.
Ақмола облысында облыс әкімі Е.Б. Маржықпаевтың төрағалығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі өңірлік комиссия құрылды. Оның құрамында мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар, сарапшылар мен қоғам қайраткерлері бар. Комиссияның жұмыс органы – Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы, хатшысы – Азербаева Әсем Қайратбекқызы. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау сұрақтары бойынша төмендегі телефонға хабарласуға болады: 87054251985, эл. адрес: uvp@akmola.gov.kz