Рахмет саған, Анашым…
2019 жылғы 26 мамыр күні «Ақмола облысының поляктар бірлестігі» ҚБ Ана күніне арналған іс-шара өткізді. Ана күні – бұл ең жақын да қымбатты адам, біздің аналарымызға арналған өте шуақты әрі жүрекке жақын мейрам.
«Жер бетінде қасиетті сөздер бар. Сондай қасиетті, жылы, жұмсақ сөздің бірі – «АНАШЫМ» сөзі». Жүргізушілер мерекені осы сөздерден бастады. Іс-шара «PannaWiosna» және «Тәж киген ана мен қыз» байқауының нәтижелерін жариялаумен жалғасын тапты.
Балақайлар, жоғары сынып оқушылары, педагогтар, ата-аналар тамаша музыкалық нөмірлерді орындай отырып, барша қатысушыларға махаббат пен дарын сыйлады. Аналарға арналған бейнефильм өте әсерлі шықты. Балалар аналарын сахнаға шығарып, шар түріндегі өз жүректерін сыйлады.
Іс-шараның соңында Поляк бірлестігінің түлектері оқу жылын табысты аяқтап, бірлестіктің өміріне белсене атсалысқаны үшін құрмет грамоталарымен марапатталды.