ҚР Парламентінде Ассамблеяның лайықты өкілдері болуы тиіс

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидаттарды толықтай қолдаймын. Менің ойымша, бұл белсенді азаматтық ұстанымы және нақты ісімен заң шығарушы органда Ассамблеяны, еліміздің барлық этностарының мүдделерін лайықты түрде білдіре алатынын, қоғамдық келісім мен Қазақстан халқының бірлігін одан әрі нығайтуға өз үлесін қоса алатынын дәлелдеген лайықты адамдар.

Үміткерлер арасында біздің жерлесіміз, Көкшетау гуманитарлық- техникалық лицейінің директоры Дементьева Наталья Григорьевна бар. Мен ол кісіні жақсы білемін. Ол мемлекеттік тілді жетік меңгерген тәжірибелі, жаңашыл педагог, қалалық іс-шараларға, фестивальдерге белсенді қатысып қана қоймай, өз оқушыларының рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиесімен де айналысады. Оның тәрбиеленушілері бірнеше рет мемлекеттік тілді меңгеру мен білуге арналған байқаулардың жеңімпаздары атанған.Қоғамдық бірлестік ретінде біз ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойған лицеймен тығыз жұмыс істейміз. Наталья Григорьевна туралы айтар болсақ, бұл жаны мен жүрегі өте ашық адам дер едім. Ол өз ісінің білікті маманы және өз Отанының нағыз патриоты.

Александр Артеменко,
«Ақмола облысының орыс қауымы» ҚБ төрағасы