Қазақстан – тең мүмкіндіктер елі!
2014 жылы Көкшетау қаласында Достық үйі ашылды, оның жанында «Шаңырақ» тілдерді үйрету мектебі жұмыс жасайды. Түрлі ұлт өкілдерінің балалары, өздерінің туған тілі, салт-дәстүрлерімен бір қатарда, көпұлтты республикамызда тұрып жатқан өзге де ұлттардың ерекшеліктерімен таныса алады. Достық үйінде қазіргі күні тоғыз тілді меңгеруге мүмкіндік бар. Дәстүрлі сабақтардан бөлек, сынып сағаттары, ашық сабақтар, мерекелік іс-шаралар өткізіліп, оларға этномәдени бірлестіктер өкілдері, балалардың ата-аналары шақырылады. Осындай күндері қонақжай Достық үйінің қабырғасында түрлі тілдерде өлеңдер мен әндер, халықтық билер орындалады. Әрбір оқушы өзін Қазақстан халқы аталатын – бір отбасының мүшесі ретінде сезінеді.
Мен инғұш тілінен сабақ бере отырып, өзім білетін барша білімді өз шәкірттеріме толық жеткізуге тырысамын. Біздер вайнахтардың мәдениеті мен дәстүрлерін зерттеп, өз ұлтымыздың салттарын сақтаймыз. Сабақтарға 5 пен 18 жас аралығындағы балалар мен жастар келеді. Айта кетерлігі, қазіргі кезде әрбір инғұш отбасында өз туған тілдерінде сөйлей бермейді, бірақ оны меңгере бастау ешқашан кеш емес. Тек осылай ғана біз өз мәдениетіміз мен ерекшелігімізді сақтап қала аламыз.
Вайнахтарда: егер сен бір үйге келсең, міндетті түрде үй иесіне жақсы бірдеңе тілеуді қажет ететін дәстүр бар. Біздің сабақтарымыз да, балалардың бір-біріне жақсылық, бақыт мен ынтымақ тілеуден басталады, және мен олардың осы сабақтар барысында алған білімдерін өмір бойы жадыларында сақтайтындарына сенімдімін.
Ең кішкентай оқушылармен, біздер инғұш тіліндегі өлеңдер мен әндер жаттату істерін жүргіземіз, осылайша олар әдебиет пен өнер әлемін таниды, олардың кеңпейіл, көпшіл, керемет дүниені бағалай алатын жандар болып жетілетіндеріне үміттенемін.
Мен өз елім – Қазақстан Республикасына – туған тілімде сөйлеу ғана емес, өзімнің тілімді, мәдениетімді насихаттау мүмкіндігін бергені үшін зор алғыс айтамын. Қазақстанда тұратын әрбір ұлттың өзіндік ерекшелігі бар, олардың әрбіріне даму үшін толық мүмкіндіктер бар. 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды, мен ана, ұстаз ретінде, жастарға міндетті түрде білім алып, белсенді өмірлік ұстанымда болуды, өмірден өз орындарын табуды, осылайша – Тәуелсіз Қазақстанның дамуына өз үлестерін қосуды шын көңілден тілеймін!
Тамара Дударкиева,
Көкшетау қ. Достық үйінің қабырғасындағы
«Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы
«Шаңырақ» тілдерді үйрету мектебі
инғұш тілінің оқытушысы