Мүмкіндігі шектеулі балалар мен әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау

Ағымдағы жылдың 1 желтоқсан күні ата-аналар республикалық қоғамдық бірлестігінің «Сенімен болашақ» Ақмола облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Мүмкіндігі шектеулі балалар мен әйелдерді тұрмыстық, жыныстық және басқа да зорлық-зомбылықтан қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты: тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларының тиімділігін арттыру, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек пен көмек көрсетудің құқықтық тетіктері, дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды нығайту, өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру.

Бұл шараға Ақмола облысы мен Көкшетау қаласының Аналар кеңесінің өкілдері қатысты. Қатысушылар отбасылық зорлық-зомбылық тақырыбын толық ашып, отбасылық құндылықтарды нығайту және жастарды тәрбиелеу бағытында тәжірибе алмасты.