Кеңестің жаңа толықтырылуы
Балалар жылы аясында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Аналар кеңесінің мүшесі қатарына қабылдау салтанатты жиыныны өтті. Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Раисов Айдын Мақсұтұлының құттықтау сөзінен кейін Аналар кеңесінің жұмысы туралы бейнефильм көрсетілді.
Қоғамда әйел мен баланың мәртебесін арттыру, отбасылық институт құндылықтарын арттыру маңызын түсіне отыра республикалық деңгейде «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасын ұйымдастыру ұсынылған болатын. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Жазиева Айнагүл Сабырбекқызы осы «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасының мақсаты, кезеңдері және іске асырылуы туралы мәлімметтермен таныстырды. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымының орынбасары Мухамедрахимова Анаргүл Хайыржановна «Саналы ұрпақ тәрбиелеу – Аналар кеңесінің басты миссиясы» тақырыбында баяндама жасады.
Одан кейін Ақмола ассамблеясы Аналар кеңесі мүшелерінің жаңа құрамының призентациясы өткізілді. Ақмола облысының ең белсенді, іскер аналары Аналар кеңесінің қатарына қабылданды. Арнайы белгіше мен мойынорағыш және сертификаттар табысталды. Еркін микрофонда қатысушыларымыз өз ойларымен бөлісті.
Кеңестің жаңа мүшелерін «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Айдын Раисов құттықтады.