ҰЭК мүшелері дөңгелек үстел өткізді

Ағымдағы жылдың 17 қазанында Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетімен бірлесіп “Әділетті Қазақстанды құру” тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді.

Дөңгелек үстелге ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың мүшелері, Көкшетау қаласының білім бөлімінің, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайының өкілдері, студенттер қатысты.

Іс-шараның мақсаты «Жаңа Қазақстан – Әділ Қазақстан» идеясын құру төңірегінде халықты шоғырландыруды насихаттау; «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» формуласымен «Екінші Республика» идеясын ілгерілету болып табылады. 

ҚХА жанындағы ҒСТ төрағасы М.З. Өтегенов өз сөзінде бұл күндері республика күнін мерекелеу бірлік пен тату көршілік құндылықтарын нығайтуға барынша ықпал етуі тиіс екенін атап өтті. Барлық этностардың азаматтарын тиімді шоғырландырудың негізгі құралы Қазақстан халқы Ассамблеясы болуға тиіс.

Қазақстандықтардың этникалық тегіне қарамастан мемлекеттік тілде сөйлеуге және ел игілігі үшін жұмыс істеуге деген ұмтылысын дәріптеу және масштабтау маңыздылығы туралы айтты.