Аналар кеңесі әрекет етуде

Көкшетау қаласының қалалық Аналар кеңесіне мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары өз мәселелерін шешуге көмек көрсету туралы өтініш білдірді. Сондықтан кеңестің кезекті отырысы осы тақырыпты талқылауға арналды.

Отырысқа кеңес төрағасы Наиля Сейдалина қатысты. Мемлекеттік органдардың өкілдерін-облыстық білім беру, денсаулық сақтау басқармаларының, қоғамдық қорлардың мамандарын, Ш. Уәлиханов ҚМУ оқытушыларын шақырды. Мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері ата-аналардың оларға әлеуметтік, медициналық-педагогикалық көмек, психологиялық қолдау көрсетуге қатысты барлық сұрақтарына жауап берді.

Бұдан әрі Кеңес қалада медициналық орталықтарда емделіп жатқан мүгедек балалардың ата-аналарына арналған консультативтік орталықтар, сондай-ақ аналар мен әкелер заңгерлерден, медиаторлардан кеңес ала алатын, жұмыс тәжірибесімен алмасатын қолдау орталықтарын ұйымдастыру туралы шешім қабылдады.