Облыстық ассамблея мүшелері диктант жазды
Ү.ж. 7 қыркүйекте Қазақстан халқы Ассамблеясы “Мың бала” мәдени-ағартушылық жобасын өткізу аясында мемлекеттік тілде жалпықазақстандық ашық диктант өткізуді ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты-қазақ тілін қолдану аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, мемлекеттік тілді этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде дамыту.
Республикалық диктант жазуға Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы “Қоғамдық келісім” КММ қызметкерлері, сондай-ақ облыстың аудандары мен қалаларының облыстық ассамблея мүшелері қатысты.