Шешен диаспорасымен кездесу

Ағымдағы жылдың 17 ақпанынан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьеваның өзекті мәселелерді талқылау бойынша Ақмола облысының бірқатар өңірлерінің тұрғындарымен кездесулері өтуде.

23 ақпанда Парламент Мәжілісінің депутаты Сандықтау ауданының Балкашино, Арбузинка және Красная Поляна ауылдарында болды. Жұмыс сапары барысында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өңірдің әлеуметтік нысандарымен танысты, сондай-ақ Бірлік ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Мәжіліс депутатының Сандықтау ауданына жұмыс сапары шешен-ингуш этносының жер аудару күніне арналған қайырымдылық акциясына қатысумен аяқталды.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Қосшы, Степногорск қалаларының, Ақкөл, Бұланды, Біржан сал аудандарының тұрғындарымен кездесіп, өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдаймен танысқан болатын.

Наталья Дементьеваның жұмыс сапарының келесі бағыты облыс орталығы – Көкшетау қаласы болады, онда депутаттың қала тұрғындарымен, Ақмола ҚХА мүшелерімен, Ақмола ҚХА қоғамдық құрылымдарының және этномәдени бірлестіктердің, жастардың өкілдерімен кездесулері жоспарланған.