Академия тыңдаушыларымен кездесу

15 қазан күні «Қоғамдық келісім» КММ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының тыңдаушылары экскурсияға келді. Мемлекеттік қызметшілер алдында мекеме басшысы Нұғыманов Ермек Бекенұлы сөз сөйлеп, Достық үйінің этномәдени бірлестіктерге, ҚХАА қоғамдық құрылымдарына Қазақстан халқы Ассамблеясының алдында тұрған міндеттерді іске асыруда әдістемелік, консультациялық көмек ұйымдастыру жөніндегі жұмысы туралы айтып берді.

Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің қызметін ұйымдастыру үшін барлық жағдайлар жасалған – атап айтқанда әрбір этностың ана тілдерін үйрену кабинеттері, хореографиялық залдар, кең холл, акт, конференц-залдары бар, оларда  түрлі форматтағы іс-шаралар – көрмелер, конференциялар, дөңгелек үстелдер, форумдар, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы және ЭМБ мүшелерінің қатысуымен фестивальдер өтеді.

Экскурсия барысында тыңдаушылар этномәдени бірлестіктердің кабинеттеріне барып, Ақмола облысында тұратын этностардың ұлттық киімдерімен, мәдениетімен, дәстүрлерімен кеңінен танысты. Достық үйіне келу Мемлекеттік қызмет академиясы тыңдаушыларының үлкен қызығушылығын тудырып, олар мекеме ұжымына қоғамдық келісім мен Қазақстанның ұлттық бірлігін нығайту бойынша атқарып отырған жұмысы үшін алғыстарын білдірді.