Студентермен кездесу

А. ж. «Қоғамдық келісім» КММ «ОТАНЫМ – ТАҒДЫРЫМ» жобасын іске асыра бастады, оның аясында  облысымыздың Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалалары және аудандардағы оқу орындарының студенттерімен, оқушыларымен дәрістер, әңгімелер және кездесулер легі өткізіледі. Оған ҚХАА  этномәдени бірлестіктерінің, қоғамдық құрылымдарының басшылары, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшелері қатысады.

Жобаның мақсаты – жастарды этносаралық өзара іс-қимылға  белсенді тарту, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жалпыазаматтық бірегейлікті қалыптастыру» жобасын іске асыру, олардың бойында қазақстандық құндылықтарды тәрбиелеу, барлық этностарды қазақ халқының айналасына топтастыру.

Бұған дейін «Арна» колледжінің студенттерімен бір кездесу өткен болатын. А.ж. 16 ақпанында осы жоба аясында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшелері «Біржан сал» колледжінің студенттерімен кездесті.

Алдымен жас тыңдаушылар Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қызметі туралы он минуттық фильмді тамашалады.

Кейін  «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Раисов Айдын облыстық Ассамблеяның қызметі, Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеттерін іске асыруда этномәдени бірлестіктерге, қоғамдық құрылымдарға әдістемелік, ұйымдастырушылық көмек көрсету бойынша облыстық Достық Үйінің жұмысы туралы айтып берді.

Ақмола облысының татарлары мен башқұрттары бірлестігінің төрағасы Сулкарнаев Рафаил Сеитович тыңдаушыларға өз этносының тілін, мәдениеті мен дәстүрлерін сақтау және дамыту жөніндегі қоғамдық бірлестіктің жұмысы туралы ақпарат берді.

Ақмола облысы бойынша «Ассамблея жастары» РҚБ  өкілдігінің төрағасы Вебер Владислав жиналған қауымды  ҚХА жаңа жастар қозғалысы қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырып, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

ҚХАА мүшелерінің жастармен кездесуі  диалог форматында өтті, тараптар өз жұмыстары туралы тиақпарат алмасты.