Этномәдени бірлестіктермен кездесу
А. ж. 13 қазанында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы А.Б. Әміренова этномәдени бірлестіктер және казак қоғамдық ұйымдарының басшыларымен кездесті. Өз сөзінде Алтынай Байқадамқызы басқарманың этно бағдарланған қоғамдық бірлестіктермен тығыз өзара іс-қимылын, этносаралық қатынастар саласында туындайтын мәселелерді кері байланыс арқылы жедел шешуді көздейді мемлекеттік органдардың қоғамдық бірлестіктермен жұмысының жаңа форматына ерекше назар аударды.
«Қоғамдық келісім» КММ қызметі туралы ақпаратпен мекеме басшысы Е. Б. Нұғыманов бөлісіп, мекеме жұмысының негізгі бағыттары, ҚХА жаңа жобаларының іске асырылу барасы туралы айтып берді.
Дөңгелек үстел қатысушылары «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығының төрағасы» – У.Ф. Шоназаров, «Чинсон» корей этномәдени орталығының төрайымы – Л.К. Лим, Ақмола облысы поляктар бірлестігінің төрайымы – Н. М. Нагачевская, Ақмола облысы татарлар мен башқұрттар бірлестігінің төрағасы – Р. С. Сулькарнаев Достық үйінің облыстық этномәдени бірлестіктермен жүргізіп отырған жұмысына оң баға беріп, «Қоғамдық келісім» КММ қызметінің тиімділігін арттыру бойынша өз ұсыныстарын білдірді. Атап айтқанда, ЭМБ басшылары Достық үйінде «Жаңғыру жолы» жастар бірлестігінің, ҚХАА еріктілер қозғалысының мүшелеріне арналған коворкинг орталығының іске қосылуы туралы, «Шаңырақ» тілдерді оқыту клубының жаңа мәртебесін айқындау туралы айтты. Ақмола облыстық «Вайнах» шешен-ингуш қоғамының төрағасы Г. И. Яндиев мемлекеттік органдар өкілдерінің назарын этносаралық қатынастар саласындағы жанжалды жағдайларға жол бермеу жөніндегі комиссияның жұмысын қайта жандандыру мәселесіне аударды.
Кездесу өзара сенімді жағдайда өтіп, тараптар Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының қызметін, «Қоғамдық келісім» КММ жұмысын жақсарту бойынша пікірлер және ұсыныстармен алмасты.