Елшілік қызметкерлерімен кездесу
«Қоғамдық келісім» КММ-де белгілі поляк жазушысы Станислав Лемнің 100 жылдығына арналған «Лем Бестиары Мруздың көзімен» атты көрменің тұсаукесері өтті. Іс-шараға Польша Республикасының Қазақстандағы елшісінің орынбасары Томаш Коллат және елшілік қызметкері Фарангиз Коллат қатысты.
Мереке поляк тілі мұғалімі пани Юстыненың арқасында есте қаларлықтай болды, ол қатысушыларды ұлы фантаст-жазушының шығармашылығымен таныстырып қана қоймай, олардың арасында жазушының шығармаларын білу бойынша сауалнама жүргізді. Поля
к тілі курсының тыңдаушылары кезек-кезек Лем шығармаларынан үзінділер оқып, өз білімдерімен қуантты.
Поляк диаспорасымен кездесу барысында Елшілік өкілдері поляк жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларын таныстырды, поляк картасы, Польша Республикасының азаматтығын алуға мүмкіндік беретін арнайы құжаттар туралы айтып, қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.