ҚР Парламенті депутаттарымен кездесу
Ағымдағы жылғы 10 желтоқсанда «Қоғамдық келісім» КММ-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары А.К. Жұмабаева мен Ш. А. Осин қалалық мәслихат депутаттарымен, қала жұртшылығымен кездесті.
Кездесу барысында мажилесмендер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей үлгісі қалыптасқанын, Қазақстан халқы Ассамблеясы түрлі этникалық топтардың мүдделерін қорғауға және ілгерілетуге бағытталғанын атап өтті.
Тараптар қазақстандық қоғамды топтастырудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді одан әрі дамыту туралы, Қазақстанның болашақ дамуын айқындайтын, көптеген әлеуметтік, саяси және мәдени бағдарламаларды іске асыруға белсенді қатысатын жастарды қолдау туралы пікір алмасты.